Балақаев Төлтай

Балақаев Төлтай 1923 жылы 13 сәуірде бұрынғы Семей облысының Абыралы ауданында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталин­град түбінде ауыр жарақат алған ол 1944 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне түсіп, 1949 жылы оны ойдағыдай бітіреді.

1949-1956 жылдары  Қазақстан КП  ОК жанындағы партия тарихы институтында  кіші, аға ғылыми қызметкер, 1956–67 жылдарда  Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археол. және этнол. Институтында  ғалым-хатшы, аға, ғылыми . қызметкер, 1968-85 жылдарда  бөлім меңгерушісі 1985-88 жылдарда институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1988 -1991 жылдары бас ғылыми қызметкері болды.

Т.Балақаев көп томдық «Қазақстан тарихы», соғыс кезіндегі қазақ шаруаларының еңбегін көрсету сияқты іргелі зерттеулерге қатынасып, 15 кітап және жинақтар шығардыТарих ғылымдарының докторы. (1972), профессор (1979). ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

«Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941–1945 жж.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. . Қазақ және орыс тілдерінде шыққан ұжымдық «Қазақ ССР тарихы « оқулығының тарауларын (1963,1964, 1967 жылғы басылымдары), «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» (1968, орыс тілінде) еңбегін жазуға қатысты.

Т.Балақаев әскери-патриоттық салада да көптеген зерттеулер жазған ғалым. Зерттеушілікті ғылыми ұстаздық жұмыспен ұштастырған ғалым – 17 ғылым кандидаты мен докторын даярлады. Оның шәкірттері әр салада қызмет етуде. Оның шәкірттерінің бірі әскери ғылымдар докторы, профессор, КСРО Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болған армия генералы В.Н.Лобов бүгінде де халықаралық деңгейде танылған тұлға. Т.Балақаев – «Қазақ энциклопедиясы» сияқты басылымдардың бастауында тұрған ғалым. Ол ұзақ жылдар Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетінің профессоры болды

Т. Балақаев «Әбдірахман Әйтиев» (1958), «Қазақстанның колхозшы шаруалары Ұлы Отан соғысыжылдарында» (1971, орыс тілінде), т.б. ғылыми  еңбектер мен мақалалардың авторы. Ш. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың . лауреаты (1972), 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

Энциклопедия