Ердембеков Бауыржан
Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков (1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Асқаралы ауылы) – филология ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселеріне арналған 170-тен аса ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар мен баяндамалардың, соның ішінде 2-монография, 1-оқулық, 6-оқу құралы, 2-оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Негізгі ғылыми енбектері:
«Әріп ақын» (монография, 2001),
«Семей өңірінің ақын-жазушылары» (арнаулы курс материалдары, 2003),
«Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы кезең» (оқу-әдістемелік нұсқау, 2004),
«XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2006),
«Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары» (өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандарды құрастырушы, 2006),
«Ә.Тәңірбергенұлының әдеби мұрасы (оқу құралы, 2007),
«Абайдың әдеби ортасы» (монография, 2008),
«ХІХ ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» (оқу құралы, 2008),
«Абайтану» (Абайдың әдеби айналасы. 1-кітап. Оқу құралы, 2010),
«Абайтану» (Абайдың ақындық мектебі. 2-кітап. Оқу құралы, 2010),
«Ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиеті» (2010),
«Абайтану» (оқу құралы, 2012),
«Бұл өлең шыққан екен бірталайдан…» (2013),
«Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері»,
«Алаштың ақиығы ‒ Әріп қыран» (2014).
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен шығатын жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» (2012) оқулығы авторларының бірі.