Мекішев Бақтажар

Мекішев Бақтажар (1927-2005) – өнертанушы, тарихшы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер.

1927 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы (қазір бұрынғы Семей аумағына қарасты аудан) Қайнар ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, 1952 жылы осы оқу орнында аспирантураны аяқтайды. 1952-1957 жж. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде (ВДНХ) экскурсовод-аудармашы болады. 1957-1960 жж. – Алматы қаласындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақ академиялық театрында әдеби бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, 1960-1999 жж. – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ) «Семь муз» қоғамын ұйымдастырды. «Қыз Жібек» эстетикалық клубында жетекші болды.

«Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры», «Әлемнің жеті кереметі», «Өнер әлеміне саяхат», «Достық мектебі» кітаптарының авторы.

2005 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Энциклопедия