Мұсаұлы Ырысхан

Қаламгер Ырысхан Мүсаұлы Абай ауданының Құндызды ауылында 1933 жылы дүниеге келген. Он жылдық білім алғаннан кейін 1953-58 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистік факультетінде білім алған. Сол студенттік қызықты шақтық өзінде «Ағасұлтан» деген роман жазуға кірісіпті.

Ырысхан Мұсаүлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. Онда бірнеше әңгіме, очерктер жазды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетіне ауысып, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Сонда қызмет ете жүріп Мәскеудегі Жоғары партия мектебіне оқуға жіберіледі. Сол кезде жүріп те жазады. Оны бітірген соң Маңғыстау облысына қызметке жіберіледі. «Коммунистік жол» деген газеттің іргетасын қалайды. Баспасөзде істеген жылдары жер-жерді аралап, мақала, очерктерді көп жазды.

1977 жылы Семейге қайтып, «Семей таңы» газетіне бас редактор қызметіне кіріседі. Бас редакторлық қызметте жүріп Семей сынды рухани орталықтың рухын көтеріп, халықтың санасын, болмыс-келбетін көтеруде айтарлықтай еңбек сіңірді.

Көп жылдардан кейін 1992 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болып тағайындалады.

Энциклопедия