Шәріпов Әди

Шәріпов Әди 1912 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген Жарма ауданы, Малиновка селосынының тумасы Әди Шәріповтің XX ғасырдың басындағы дүрбелең, 1930-жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы қанды қырғын, 1941-1945 жылдардағы соғыс, одан кейінгі қазақ халқының тіршілігі, көзімен көріп, көңіліне тоқыған ұзақ өмір жолы өнегелі.

Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Бір тонның тарихы» атты повестерін халқымыз жылы қабылдап, сүйіп оқитын шығармаларына айналды.

Ұзақ жылдар бойы жазушы әдебиеттану ғылымында жемісті еңбек етті. Ол- филология ғылымының докторы, 350-ден астам ғылыми мақалалар мен зерттеулердің, монографиялардың авторы.

Көп жылғы еңбектері еленіп Ленин, Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі ордендерімен т.б медальдармен мараппатталды. Кембридж университетінің халықаралық библиографиялық орталығы шығарған «Планетаның аса көрнекті адамдары» атты анықтамалыққа есімі енгізілді.

Көрнекті қаламгер, зерделі ғалым, мемлекет қайраткері 1993 жылдың 4 қарашасында 81-ге қараған шағында қайтыс болды.

Энциклопедия