Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы

Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910-1996 жж.) – филология ғылымдарының докторы, тілтанушы-профессор.

Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Алматы педагогикалық институтын аяқтаған соң, Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болған. ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институтының және ҚазССР Ағарту министрлігі Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚазССР ҒА-ның Тіл білімі институты лексикография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасына бағытталған 200-ден астам ғылыми жұмыстың авторы.

Негізгі еңбектері: «Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау», «Қазақ тілінің грамматикасы: (Морфология)», «Қазіргі қазақ тілі: (Морфология)». Ғалымның бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай тілі сөздігі» құрастырылған.

А. Ысқақов – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Энциклопедия