Бесқарағай ауданы – 2022 жылдың 8 маусымынан бастап ресми түрде құрылған Абай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Орталығы – Бесқарағай ауылы (Большая Владимировка). Бесқарағай ауданы Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аумағы 11,4 мың шаршы м. Әкімшілік орталығы – Бесқарағай ауылы. Халқы 23,4 мың адам (2009 жыл 1қаңтар). Ауданда 10 ауылдық округ, 30 елді мекен бар.
Тарихы
Бесқарағай ауданының атауы сол жердің түріне байланысты аталған. Ертіс өңірінің құмды бұйраттарында қылқан жапырақты белдеулі орман өседі. Егінді алқаптары мен ауылдары созылған қарағайлы орманмен қоршалған. Бесқарағай ауданының аумағында сондай бес қарағайлы орман белдеуі бар. «Бес қарағай» сөзі содан шыққан.
Бесқарағай ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Орталығы Беген ауылы болды.
1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының, 1938 жылдан бастап Павлодар облысының құрамына енді.
1959 жылы 9 мамырда Бесқарағай ауданынан Павлодар облысынан Семей облысына берілді.
1960 жылы Грачев ауылдық кеңесі таратылды.
1961 жылы Ново-Покров ауданының Байуақ ауылдық кеңесі беріліп, Елубай ауылдық кеңесі жойылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Бесқарағай және Ново-Покров аудандарының негізінде Бесқарағай ауылдық ауданы құрылды. 14 қаңтарда Атшапқан ауылдық кеңесі таратылды. 12 наурызда Шаған кенті Семей қаласының қарамағына өтті. 27 маусымда Социал ауылдық кеңесі таратылды.
1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Глухов, Жиенәлі ауылдық кеңестері берілді.
1979 жылы Қоянбай, 1984 жылы Лесной, Бөденелі ауылдық кеңестері құрылды.
1996 жылы 27 тамызда Бөденелі, Қоянбай, Кривинка, Лесной ауылдық округтері таратылды.
1996 жылы 30 тамызда таратылған Жаңасемей ауданының Глухов ауылдық округі қосылды.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.
Табиғаты
Аудан климаты құбылмалы, құрғақ. Қысы ұзақ және суық. Қаңтар айында орташа температурасы – 170С, кейде – 450С-дейін жетеді. Жазы ыстық, құрғақ. Шілде айында орташа температурасы – 210 ыстық. Қысы-қатты боранды, жазы-шаңды дауылды. Орташа жылдық ылғалы 275-300 мм. Өсімдіктердің өсіп-өнуі және даму кезеңі 140 күн, бұл көптеген дәнді дақылдар мен көкөністердің және бақша дақылдарының пысуына қолайлы. Өсімдік әлемі (өсімдіктер) бай және әр түрлі. Ертіс маңында бос терек, қара терек, көк терек, тал шыбық, аққайын, черемуха, долона, ырғай, шәңгіш жидек және басқа да өсімдіктер. Дәрлік шөптер күнделікті өседі. Белдеулі орманда аққайың – көк терек алқаптарында қарағай, аққайың, көк терек, қарағаш, итмұрын, тобылғы, үйеңкі өседі. Жануарлар әлемі (жануарлар) әр түрлі. Дала алқаптарында: атжалман, мұжыма тышқан, орман тышқандары, қояндар мен ақтиындар мекендейді. Күнделікті салпаң құлақ кірпі, қасқыр, түлкі, сұр күзен, борсық, саршұнақ және басқалар кездеседі. Жер бауырлы кесірткелер, улы сұр жыландар, сарбас жыландар топтары және басқалар кездеседі.
Белдеулі ормандарда орманның жануарлары да кездеседі, олар ұшатын тиындар, қояндар, түлкілер, қасқырлар, еліктер, бұландар мекендейді және сілеусіндер кездеседі. Құстар әлемі бай және әр түрлі болып кездеседі. Боз торғайлар, лашындар, қара тағандар, боз торғайлар, сасық көктер, сауысқандар, қарғалар, көгершіндер, торғайлар, ұшатын құстар: қаздар, аққулар, үйректер және басқа да құстар мекендейді.
Ертіс жағалауларында, су айдындарда, көлдерде ондаторлар кездеседі. Ертіс және Канонерка көлдерінде табан, қара балықтар, ала бұғалар, шортандар, шабақтар, лақалар, сүйріктер мекендейді, тұқылар жасанды дамытылған.
Экономикасы
Ауданның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Ертіс өңірінің бойындағы бірегей орман алқабын қалпына келтіру және сақтау мақсатында құрылған «Семей орманы» табиғи орман резерватының көп бөлігі Бесқарағай ауданының аумағында. Пайдалы қазбалары рудалы емес қазбалардан тұрады, олар отқа төзімді саз балшық, ірі құм, құрылыс құмдары, жылтыр тас, әк, әртүрлі бояулар және ауданның солтүстік қапталының бөлігінде сирек жер темірлері табылды, бір-ақ жер қоймалары төмен зертелуде.
Мәдениеті
Ауданда екі тілде 1600 дана басылыммен «Бесқарағай тынысы» қоғамдық – саяси газеті шығарылады. Әнші Ә. Қашаубаев, халық ақыны Н. Баймұратов, сазгер Ж. Дәстенов, сазгер Т. Мұхаметжанов, киноактер М. Өтепбергенов, ақын М. Балыкин сияқты танымал жерлестері – бесқарағайлықтар мақтанышы.