Бородулиха ауданы

Исследуйте Абайскую область с помощью нашей интерактивной карты. Выберите категорию и найдите интересные места рядом с вами.

Тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда Семей уезінің Бородулиха және Совет болыстарынан Семей округінің Белағаш ауданы құрылған. Орталығы — Белағаш ауылы болды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК-мен бекітілген).

1932 жылы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы құрылып, оның құрамына орталығы Бородулиха ауылында орналасқан Белағаш ауданы енеді (1932 жылы 10 наурызда БОАК-мен бекітілген).

1935 жылғы 24 ақпандағы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Қаулысымен қайта құрылған Предгорный ауданына Төлентау, Тройницк, Қызыл, Лево-Бережный, Митрофанов,  Бородин, Азов ауылдық кеңестері; Семей ауданына – Шабынды, Қоқан, Пролетар, Репин, Болтатар, Жаңаалы, Қорғанбай, Клементьев, Талица, Шар, Тепқаша, Знаменск, Ерназаров, Карпов, Делбегетей, Мұрат, Ебетей ауылдық кеңестері берілді.

1939 жылғы 14 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен аудан жаңадан құрылған Семей облысына берілді. Ауылдық кеңестері: Андреев, Белағаш, Бородулиха, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Камышен, Красноаул, Крестьян, Ленин, Николаев, Новодвор, Октябрь, Орлов, Перементьев, Петропавл, Подборный, Пролетар, Степной, Ранов, Тоқаев, Ұялы.

1944 жылғы 8 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Крестьян ауылдық кеңесі Степной ауылдық кеңесімен біріктіріліп, Камышен ауылдық кеңесі Дмитрьев ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Сондай-ақ Белағаш кенттік кеңесі құрылды. Жаңадан құрылған Ново-Покров ауданына Белағаш, Ерназаров, Жаймов, Зубаиров, Красноаул, Николаев, Октябрь, Подборный, Пролетар, Тоқаев, Степной, Ұялы ауылдық кеңестері және Белағаш кенттік кеңесі берілді. Белағаш ауданы Бородулиха ауданы болып өзгертілді.

1945 жылы 1 қаңтар бойынша Бородулиха ауданының құрамына Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Ленин, Новодвор, Орлов, Переменов, Ремов ауылдық кеңестері кірді. 1954 жылғы 4 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Ленин, Орлов, Ремов ауылдық кеңестері Ремов ауылдық кеңесіне біріктірілді.

1962 жылғы 29 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Жаңа Шүлбі ауданымен бірігуі нәтижесінде Бородулиха ауданы таратылды.

1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен таратылған Жаңа Шүлбі, жартылай Ново-Покров аудандарының жерінен Бородулиха ауылдық ауданы құрылды. Ауылдық кеңестері: Андреев, Барышев, Бородулиха, Дмитриев, Новодвор, Переменов, Ремов, Жернов, Краснояр, Зубаиров, Ертіс, Красноаул, Ново-Покров, Жаңа Шүлбі, Ленин, Подборный, Степной, Таврия, Тоқаев, Тепқаша, Уба-Форпост, Шүлбі және Белағаш кенттік кеңесі.

1963 жылғы 27 маусымдағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Барышев ауылдық кеңесі Жернов ауылдық кеңесімен біріктірілді.

1965 жылғы 28 тамыздағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданынан Семейтау ауылдық кеңесі берілді.

1965 жылғы 22 қазандағы Семей облыстық атқару комитетінің Шешімімен Абай ауданының Знаменск ауылдық кеңесінен Бородулиха ауданының Петропавл ауылдық кеңесіне Сарапан жайылым учаскесі; Ново-Покров ауылдық кеңесіне Әтей учаскесі; Зубаир ауылдық кеңесіне Шынжы учаскесі берілді.

1966 жылы 31 қаңтарда қайта құрылған Жаңасемей ауданына Зубаиров, Ертіс, Ново-Покров, Петропавл, Семейтау, Тепкаши ауылдық кеңестері; Жаңа Шүлбі ауданына Андреев, Жернов, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост, Шүлбі ауылдық кеңестері берілді.

1974 жылы 25 қыркүйекте Орлов тау-кен байыту комбинаты маңындағы елді мекен жұмысшы кенттері санатына жатқызылып, оған «Жезкент» атауы берілді. Жезкент кенттік кеңесі құрылды.

1975 жылы 2 наурызда орталығы Андроновка ауылында орналасқан Андронов ауылдық кеңесі құрылды. Ремов ауылдық кеңесі таратылып, аумағы Переменов ауылдық кеңесіне берілді.

1977 жылғы 1 қаңтарда ауданға Андронов, Бакин, Бородулиха, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Орлов, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев, Белағаш ауылдық кеңестері мен Жезкент кенттік кеңесі кірді.

1993 жылы 8 желтоқсандағы президент жарлығымен облыста ауылдық және кенттік округтерге бөліну жүйесі енгізілді.

1996 жылғы 1 қыркүйекте Бородулиха ауданына Бородулиха, Бакин, Зубаир, Новопокров, Петропавл, Белағаш, Дмитриев, Красноаул, Новодвор, Подборный, Переменов, Степной, Тоқаев ауылдық округтері мен Жезкент кенттік округі кірді.

1996 жылы 27 тамызда Семей облысы әкімінің шешімімен Андронов ауылдық округі таратылып, Переменов ауылдық округіне қосылды; Орлов ауылдық округі таратылып, Соснов ауылдық округіне қосылды.

Таратылған Жаңасемей ауданы құрамынан Зубаир, Новопокров, Петропавл ауылдық округтері берілді.

1997 жылы 29 қаңтарда Семей облысының әкімі мен облыстық мәслихаттың шешімімен Красноаул ауылдық округі таратылып, Бакин ауылдық округіне қосылды; Тоқаев ауылдық округі таратылып, Белағаш кентінің әкімінің әкімшілік бағынысына берілді. Сондай-ақ Бородулиха ауданының құрамына таратылған Жаңа Шүлбі ауданының Андреев, Краснояр, Ленин, Жаңа Шүлбі, Таврия, Уба-Форпост ауылдық округтері берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.[3]

Географиялық орны

Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонаиха ауданымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Ұлан және Жаңасемей аудандарымен шекаралас. Аудан арқылы республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары өтеді. Бородулиха ауданының жер қабаттарында жартылай металлды қазбалар бар. Қоспаларда мыс және мырыштан басқа алтын, күміс, кадмий, сондай ақ, сирек және шашылған элементтер кездеседі. Аудан территориясында құрылыс материалдарын – кірпіш және тас, ұсақ тас өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар.

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.