Курчатов

Исследуйте Абайскую область с помощью нашей интерактивной карты. Выберите категорию и найдите интересные места рядом с вами.

Курчатов — Қазақстанның Абай облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Ертіс өзенінің сол жағалауында Семей және Павлодар қалаларының аралығында орналасқан. 1991 жылы жабылған бұрынғы Семей ядролық полигонының орталығы. Қала кеңес физигі Игорь Курчатовтың есімімен аталған.

Тарихы

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Мəскеу облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, ПавлодарҚарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді.

Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.(ауданы «М») , «Балапан» лабораториялық -эксперименттік базасымен,пл. «№ 10», пл. « Дегелең», пл. «Ш».

Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі).

Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Өзінің тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысында қорғаныс сипаттағы күрделі мәселелер шешімімен, 1947 жылы КСРО МК және КОКП ОК қаулысымен Тау сейсмикалық бекеті (ТСБ), атомдық зарядтарды табиғи сынау үшін «905» обьектісі құрылды. ОП-2 алашқы командирі артиллерия генерал-лейтенанты Рожанович Петр Михайлович (1948 жылғы ақпан- қыркүйек).

Оны артиллерия генерал- майоры Колесников Сергей Георгиевич алмастырды. Семей сынақ полигонының соңғы командирі Коноваленко Юрий Владимирович болды. Алғашқы дайындыққа жетекшілік етуші Игорь Васильевич Курчатов болды. Әскери құрылысшылар 1947 жылы Ертіс өзенінінң жағасына (Обь өзенінің үлкен сағасы, Қазақстанның маңызды өзендерінің бірі) орналасты. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар сәскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтайшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Әскерлерде қыс бойына тамшылар тамып, әсіресе жылынған мезгілде тоқтамады. Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген.

Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшаларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде ,1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы ( М алаңы) басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды.

Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды.1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші,16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер,708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық өсіп келді.

«О» алаңы Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта – Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені , 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды. 1988 жылы КСРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.