Семей қаласы

Исследуйте Абайскую область с помощью нашей интерактивной карты. Выберите категорию и найдите интересные места рядом с вами.

Семей – 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған.

Тарихы

Қазіргі Семей қаласының аумағы бұрында қимақ мемлекетінің астанасы болғанын көпшілік біле бермейді. Ертіс өзенінің оң жағалауында ІХ ғасырларда Хақан-Қимақ атты қала болғаны тарихтан мәлім. Тарихшылардың дәлелді зерттеулеріне негізделгенде, бұл қазіргі Семей қаласының орнына сәйкес келеді екен.  Аталмыш көне қала – Қимақия мемлекетінің 840-940 жылдары бас қаласы болғаны туралы днректер бар. Қалада қимақтар құрамындағы тайпа бірлестігінің санымен өлшеп 7 тас мешіт салған деген дереккөздер бар. Х ғасырдағы араб саяхатшылары мен ХІІІ ғасырда Дешті Қыпшақты аралауға келген итальян жиһангері Плано Карпинидің жазбасында Ертістің орта сағасында алып шаһардың бар екені айтылған. Қала туралы жазба деректер қалдырған. Тарихшылар сол қала – қазіргі Семейдің, Жетішатырдың орны дегенді айтады.

1368 жылы Ақсақ Темір қалың әскерімен Орта Ертіс бойына келіп, бұрын қимақтар салған жеті мешітті қайтадан қалпына келтіргені айдан анық. Бұл жеті мешіт орыс жазбаларында да айтылады. Орыс патшасы Михаилдің 1616 жылғы 25 сәуірдегі грамотасында «Ертіс бойында тас мешіттер бар, оларды тексеру керек» деп жазылған жарлығы сөзімізге дәлел бола алады. Аталған құжатты орыс ғалымы Г.Миллер Түмен мұрағатынан тауып алып, ғылыми айналымға енгізген.

1660-1758 жылдары көне сауда қаласы орнына Жоңғар мемлекетінің қаласы орнықты. Қалаға «Доржыкент» деп ат қойылады. 1670 жылдары жеті мешіт Доржы дінбасының бұйрығымен күрделі жөндеуден өтіп, будда монастрі етіп жаңарта соғылады.

1718 жылы көне Семейден 10 шақырым төменде, Ертістің оң жағалауында І Петрдің жарлығымен әскери қамал салынады. Оған «Семьпалат» деп ат қойылған.

Табиғаты

Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының Географиялық орталығы анықталған.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.

Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.

Экономикасы

Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады.

Мәдени орындары

Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар болып табылады. Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.

Қазақстандағы көне музейлердің бірі – Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі 1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П. Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының бастамасымен құрылған болатын.1917 жылдың күз айында Томск қаласында өткен Сібір автономистерінің съезіне қатысып қайтқан Әлихан Бөкейханды Семей жұртшылығы алдымен бұрынғы облыс губернаторының үйі, қазіргі Семей тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратында құшақ жая карсы алады. Ол уақытта бұл ғимарат – «Бостандық үйі» болып аталған екен. 1917 жылдың сәуір айында Бостандық үйі деп аталатын бұл ғимаратта Семей қазақтарының тұңғыш облыстық съезі өтеді. Онда Қазақ автономиясы туралы мәселе тұңғыш рет көтеріліп, ұлттық мемлекетімізді құру жөнінде шешім қабылданады.

     Сонымен қатар 1883 жылы Семей шаһарында қоғамдық кітапхана ашылды. Бұл рухани ордадан Абайдың орыс достарынан бастап, алаш зиялыларының бір топ шоғыры сусындап өткен. Абайдың әлемдік әдебиет шығармаларымен таныс болуына үлкен ықпал еткен де осы Семей облыстық кітапханасының ашылуы еді. 

Бір мұнаралы мешіт – Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.

Қос мұналары мешіт – сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 — 1862 жж. – құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған.

Тыныбай мешіті — Семей қаласының сол жақ жағалауында орналасқан діни-тарихи ғимарат. Мешіт XIX ғасырдың 30-40 жылдары көпес Тыныбай Кәукеновтың қаржысына салынған. Ғимараттың іргетасы тастан қаланған. Мұнара күмбезіне дейінгі қабырғалары ағаштан жасалып, күмбезі мен сырт қабырғасының үштен бірі әртүрлі пішінде ағаштан ойылып нақышталған. Ғимараттың іші үлкен екі қабатты залдардан тұрады. Төменгі қабаты ерлер үшін, жоғарғысы әйелдерге арналған.

 Ямыш қақпасы – Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтың басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы – XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Невзоровтар отбасы атындағы мұражай – Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.

Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) — 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.

Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 қабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа (2,45 м.) бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.

Абай тұрған Анияр Молдабаевтің үйі (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».

«Өлімнен де күшті» мемориалы – 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды.

      Семейдің аспалы көпірі  2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания LTD компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.

Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.

Жеңіс мемориалы – Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.