Ғалымдар – Литературная карта Абайской области
Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы
Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910-1996 жж.) – филология ғылымдарының докторы, тілтанушы-профессор. Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Алматы педагогикалық институтын аяқтаған соң, Қазақ педагогикалық институтында оқытушы болған. ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институтының және ҚазССР Ағарту министрлігі Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚазССР ҒА-ның Тіл білімі институты лексикография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақ тілтануының тарихы мен […]
Қинаят Шаяхметұлы Шаяхметов
Қинаят Шаяхметұлы Шаяхметов — белгілі қазақстандық ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Абайтанушы, «Қазақ тілі» қоғамының қайраткері. Ол Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, филология факультетінде жемісті еңбек етті.Ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасы туралы қысқаша мәліметтер:Туған жері: Бесқарағай ауданы, Жиек ауылы.Еңбек жолы: Семей педагогикалық институтын үздік бітіріп, аспирантурада оқыды. 1978 жылдан […]
Шәріпов Әди
Шәріпов Әди 1912 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген Жарма ауданы, Малиновка селосынының тумасы Әди Шәріповтің XX ғасырдың басындағы дүрбелең, 1930-жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы қанды қырғын, 1941-1945 жылдардағы соғыс, одан кейінгі қазақ халқының тіршілігі, көзімен көріп, көңіліне тоқыған ұзақ өмір жолы өнегелі. Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Бір тонның тарихы» атты повестерін […]
Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы
Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы (1956 ж.) – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1956 жылы 18 шілдеде Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы Таңсық ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Таңсық совхозындағы (қазіргі Тарлаулы ауылдық округі) Қызылқия орта мектебін бітірген. 1981 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институттың […]
Сыдықов Ерлан Батташұлы
Сыдықов Ерлан Батташұлы (1956 ж.) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР ҰҒА вице-президенті, Ұлттық тарихшылар конгресінің төрағасы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Персона G-Global (15 қыркүйек – 15 желтоқсан 2015 ж.). Семей қаласында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, кәсіби жолын ассистент оқытушыдан бастап, беделді ғалым, аймақтық университетте кафедра […]
Болатбек Насенов
Болатбек Насенов (1937) – тарих ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. 1937 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысының Қайнар кентінде туған. Оның әкесі Насеннің екі ұлы болған: Болатбек және Серікбек. Серікбек – көп жылдар бойы теміржол саласында еңбек еткен энергетика саласының маманы. Болатбек Насенов Ташкент қаржы-экономикалық институтын бітірген. 1982 жылы ҚР Қаржы министрлігінің алқа мүшесі, […]
Нұрғали Рымғали
Жазушы -ғалым Рымғали Нұрғалиевтің (1940-2000) туған жері- Абай ауданы, Қайнар селосы. Орта мектепті бітіргеннен кейін КазПи-дің филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы бітіріп шығады. Одан әрі оқуын жалғастыру мақсатында аспирантураны 1957 жылы, докторантурасын 1972 жылы бітіріп шығады. 1962-64 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1966-68 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында, 1968-85 жылдары КазГу-де ұстаздық қызметтер атқарды. Одан кейінгі […]
Мұсаұлы Ырысхан
Қаламгер Ырысхан Мүсаұлы Абай ауданының Құндызды ауылында 1933 жылы дүниеге келген. Он жылдық білім алғаннан кейін 1953-58 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистік факультетінде білім алған. Сол студенттік қызықты шақтық өзінде «Ағасұлтан» деген роман жазуға кірісіпті. Ырысхан Мұсаүлы еңбек жолын 1958 жылы «Лениншіл жас» газетінде бастайды. Онда бірнеше әңгіме, очерктер жазды. 1965 жылы облыстық «Семей таңы» […]
Мекішев Бақтажар
Мекішев Бақтажар (1927-2005) – өнертанушы, тарихшы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер. 1927 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы (қазір бұрынғы Семей аумағына қарасты аудан) Қайнар ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, 1952 жылы осы оқу орнында аспирантураны аяқтайды. 1952-1957 жж. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде (ВДНХ) экскурсовод-аудармашы болады. 1957-1960 жж. – […]
Құлжанова Нәзипа
Семей өңірінде өткен ғасырда қаламыздың тарихында елеулі із қалдырып, елдігімізге өз өрнектерін қалдырған тұлғалар болды.Сондай тарихи тұлғалардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, педагог ғалым, тамаша аудармашы және қоғам қайраткері – Нәзипа Құлжанова. Нәзипа Құлжанова – Торғай өңірінің тумасы болса да ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын насихаттауда өзіндік еңбек еткен алдыңғы қатарлы топтың өкілдерінің ішінде […]