Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы
Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы (5.1.1944 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы) – ғалым, педагогика ғылымының докторы (1997), профессор (1998). ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекет университеті) бітірген (1965). 1966 – 80 жылдары орта мектепте мұғалім, 1980 – 97 жылдары Семей педагогика институтында (қазіргі Семей мемлекеттік университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1991 – 97) болған. 1998 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде профессор. Негізгі ғылым-зертттеу еңбектері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелеріне арналған. Жұмажанов – осы сала бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылым докторы.
Ғылыми еңбектері:
1.Әдеби жұмыстар арқылы оқушы жастарды тәрбиелеу. Монография. Семей, 1998. 270 б.
2.Түркі тілдес халықтар әдебиетінің үлгілері (5-11 кл) 2007 г. Оқу құралы. Жұмажанова Т.К., Тыныбаева Ө., Алматы «Білім» баспасы . 392 б.
3.Әдебиетті оқыту әдістемесі. Монография, Алматы, Білім. 2009. 288 б.
4.Әдебиет пәні бойынша студенттерді педагогикалықіс-тәжірибеден өткізу. Оқу әдістемелік құрал Х. Әбілқасымова. Алматы, ҚазҰПУ, 2009. 60 б.
5.М.Әуезов шығармашылығын оқуты жолдары. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, Ұлағат, 2010.
6.Әдеби мәтіндерді студенттерге меңгертудегі дәрісханадан тыс жұмыстар. Оқу құралы. ҚазҰПУ-дың «Ұлағат» баспасы, 2011. 152 б.
7.Қазақ әдебиеті оқулық(авторлық бірлестік) 9 кл. Мектеп. 2000-2005-2017 ж
8.Қазақ әдебиеті 10 кл. Мектеп. 2006-2014.
9.Қазақ әдебиеті «Білім» орыс сынытарына арналған. 2007.
10.«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ақын жазушылардың шығармаларын оқытуда сандық білім қорын пайдалану. Оқу-әдістемелік құрал.Алматы, ИП «Уатханов А.А.» 2013.223 б.
11.«Қазақ әдебиеті» пәнінен электронды оқулықтардың мазмұндық жүйесі. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. ИП «Уатханов А.А.» 2012.225 б.
12.М. Фрагидің өмірі мен шығармашылығын оқыту оқу-әдістемелік құрал (авторлық бірлестік). Алматы. ҚазҰПУ «Ұлағат» баспасы 2016. 116 б.
13.Ж.Баласағұн өмірімен шығармашылығын оқыту электронды оқулық. 2017 (ақпараттандыру орталығы)
14.М. Фрагидің өмірі мен шығрмашылығын оқыту электронды оқулық (ақпараттық даму орталығы) 2017.