Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы
Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы (1956 ж.) – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор.
1956 жылы 18 шілдеде Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы Таңсық ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Таңсық совхозындағы (қазіргі Тарлаулы ауылдық округі) Қызылқия орта мектебін бітірген. 1981 жылы Семей қаласындағы Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институттың (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) филология факультетін бітіреді.
1981-1991 жж. Таңсық совхозының мектеп-интернатында мұғалім, тәрбие ісінің меңгерушісі, кейін Шынқожа орта мектебінің директоры болды. 1991-1996 жж. Павлодар педагогикалық институтында оқытушы, деканның орынбасары қызметтерін атқарды. 1996 ж. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, 2004-2014 жж. – Мәшһүр Жүсіп шығармаларының этно-мәдени лексикасына арналған факультет профессоры болды. Мәшһүр Жүсіп шығармалырының 20-томы әзірленген. 4 томы орыс тілінде, ал, 3 томы – ағылшын тіліне аударылған.
13 монография, 7 оқу құралы, 1 пьеса, 112 ғылыми мақала авторы.
Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, көптеген медальдармен марапатталған.