Қоңыров Тұрағұл

Қоңыров Тұрағұл (1935-1995 жж.) – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарқаралы ауылында дүниеге келген. ҚазПИ-ды (қазіргі ҚазҰПУ), кейін аспирантураны аяқтайды. Еңбек жолы толығымен оқытушылық қызметпен байланысты болған: Алматы шет тілдері институтында кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті). Ғылыми еңбектері:

Қоңыров Т. Қазақ теңеулері / Қоңыров Т. – Алматы : Мектеп, 1978. – 193 б.

Коныров Т. К. Структурно-семантическая природа сравнения в казахском языке : компаративные конструкции : учебное пособие для студентов филологических факультетов / Коныров Т. К. – Алма-Ата : Мектеп, 1985. – 215 с.

Қоңыров, Т. Қазақ тілінің тұрақты теңеулері сөздігі [Мәтін] / Т. Қоңыров. – Алматы : Ғылым, 1990. – 320 б.

Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі [Мәтін] / Қоңыров Т. – Алматы : Арыс, 2007. – 480 б.

Қоңыров, Т. Тұрақты теңеулер сөздiгi [Мәтін] / Т. Қоңыров. – Алматы : Арыс, 2007.

Энциклопедия