Әбілқасымов Болатжан Шайзадаұлы
Әбілқасымов Болатжан Шайзадаұлы (1950-2009 жж.) – филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы, фольклоршы-ғалым, педагог.
ШҚО Үржар ауданының Қабанбай ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аяқтаған соң, еңбек жолын аға лаборант, кіші ғылыми қызметкерден бастап, М. Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының ғылыми хатшысы қызметіне дейін жеткен. Бірнеше жылдар Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімдерін басқарады: факультет деканы, кафедра меңгерушісі. Ғылыми мүддесі – фольклортану. «Жамбыл және халық поэзиясы», «Қазақ жырларының мәселелері», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Әдебиет терминдерінің сөздігі», «Әдебиеттану», Жанр толгау в казахской устной поэзии, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия», «Қазақ әдебиеті. Энциклопедия» т.б. ұжымдық ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы. «Телқоңыр» монографиясы жарық көрген.